Аустралия жағажайлары акула шабуылдарына байланысты жабылды | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, Сиднейден шамамен 400 шақырым солтүстікте орналасқан Порт-Маккуори маңындағы жағажайлар серфингпен айналысып жүрген ер адамға акула шабуыл жасағаннан кейін жабылған.
Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, ол қазір ауруханада, жағдайы тұрақты.
Surf Life Saving New South Wales (NSW) ұйымының атқарушы директоры Стивен Пирстің айтуынша, қазіргі кезеңде жағажайларға бармау ұсынылады.
- Судың сапасы өте нашар, бұл акулаларының белсенділігіне аса қолайлы жағдай жасап отыр, – деді Пирс.
Жағажайлардың жабылуы Оңтүстік жартышарда жаз мезгілінің қақ ортасында болды.
Бұл кезде әдетте Аустралияның жағажайлары жергілікті тұрғындар мен туристерге толы болады.
Сондай-ақ дүйсенбі күні акула 10 жастағы баланы серфинг тақтасынан қағып түсіріп, тақтаның бір бөлігін тістеп жұлып алғанымен, жарақат алмады.
Читать полностью
Читать новость