Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Аустрия уақытша минералды отынға салынатын салықты азайтуды көздеп отыр. Алғашқы кезеңде дизель мен бензинге салынатын салық әр литріне 5 центке төмендетіледі. Бұл туралы елдің федералды үкіметі мәлімдеді.
— Мемлекет дағдарыстан пайда табушы болмауы тиіс, — деді канцлер Кристиан Штокер.
Оның айтуынша, жанармай бағасы өскен сайын мемлекеттік кіріс те арта береді.
Жаңа шаралардың нәтижесінде Аустрияда жанармай бағасы жалпы алғанда литріне 10 центке дейін арзандауы мүмкін. Бұл өзгерістер 1 сәуірден кешіктірілмей күшіне енуі тиіс. Алайда пакет келесі аптада парламенттің мақұлдауынан өтуі керек, ол үшін депутаттардың үштен екісі қолдауы қажет.
Италия да жанармай бағасының өсуіне жедел әрекет етті. Джорджа Мелони үкіметі бензин мен дизельге салынатын салықты күрт қысқартты. Нәтижесінде бағалар бірден литріне 25 центке төмендейді. Сонымен қатар, көлік компанияларына салықтық жеңілдіктер беріліп, олар қосымша төлемдерден босатылады.
Ал Германия әзірге мұндай қадамға бармай отыр. Бүгін Бундестаг экономика министрі Катарина Райхе ұсынған «тәулігіне бір рет бағаны көтеру» ережесін талқылауда. Бұл ұсынысқа сәйкес, жанармай бағасын күніне бір рет қана өсіруге рұқсат беріледі.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан газ бағасының күрт өскені хабарланған.