Ауыл аманаты : Қызылордалық кәсіпкер заманауи технологиямен ауылда балық өсіріп отыр

25.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қызылорда облысы Талсуат ауылында «Хан Бекіре 11» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің иесі Ғалымжан Нагиев жасанды жолмен балық өсірумен айналысып отыр. Аталған балық шаруашылығы «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2025 жылдың қыркүйек айында 31,4 миллион теңгеге қаржыландырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінде 175 мың уылдырықтан болатбас албырттың (стальноголовая форель) шабақтары бассейнге жіберіліп, қазір бейімдеу кезең басталды. Сонымен қатар «Хан Бекіре 11» кооперативі бекіре түрлерін өсіруге арналған тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғысымен жұмыс істейді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына – 25 тонна.

Шаруашылық иесі Ғалымжан Нагиевтің айтуынша, табиғи жолмен 1 миллион уылдырықтың 1%-ы ғана өсіп шығады екен. Қалғаны өледі немесе өзге балықтарға жем болады. Ал арнайы аппараттың көмегімен 50%-дан 80, кейде 90%-ға дейінгі аралықта өсіріп шығаруға болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью