Ауыл аманатының шапағаты

17.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жергілікті жерлерде кәсіпкерлікке ден қойып, белгілі бір іспен тыңғы­лықты шұғылданып жүр­ген адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жат­қан қолдау көп. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауыз толтырып айтуға болады.

Осы бағдарламаның ар­қа­сында шаруасын шалқытып отырған азаматтар аз емес өңірде. Жалпы, биыл Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» ар­қылы 115 жоба ресімделіп, оған қазынадан 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Қазір ел бұрынғыдай емес, жұмыс жоқ деп қол қусырып отырмайды. Түкпірдегі ауыл азаматтары да кәсіптің көзін іздеп, нәпақа табуды жан-жақты ойластыруға тырысады. Бірі туризмді түлеткісі келсе, енді бірі мал өсіруді қолға алып, ет, сүт өнімдерін шығарып жатыр. Қонақүй ашып жатқандар да бар. Бұл орайда біздің партия тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау қомақты», дейді «Amanat» партиясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі Тәттімбет Асханұлы.

«Ауыл аманаты» бағдарлама­­сы шынында да ауыл кәсіпкерле­­рі­не жаңа мүмкіндіктер ашып ­отыр. Қаржылай көрсетілген қол­дау кәсібін енді бастаған азамат­тар­ға өте ыңғайлы. Қажетті құжат­тарды жинастырып, белгілі ережелерге сай болса бол­ғаны. Глубокое ауданы Белоусовка кентінің тұрғыны осы бағ­дар­ламаның арқасында арма­нын шындыққа айналдырыпты. Ертеде ол ет өнімдерін түрлендіріп, сатуды ойластырған. Жобасы ойда жүргенімен, жүзеге асу-аспауы екіталай еді. Алайда  бағдарламаға қатысқан кәсіпкер Амантай Танкаев бүгінде ісін дөңгелетіп, жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие өнім шы­ғарып отыр. Ол отбасылық ша­руашылығын дамытуға, ет өнім­дерін қайта өңдеу ісін жолға қоюға ниеттеніп, «Amanat» пар­тиясының аудандық филиалына, сондай-ақ аудан­дық кәсіп­керлік және ауыл ша­руашы­лығы бөліміне жүгінген екен. Қолдау тапқан жоба жеңілдетілген несие арқылы қаржыландыры­лып, кәсіпкер заманауи құрал-жаб­-
дық сатып алуға мүмкіндік алды.

Бүгінде ол жұбайымен бірге қақталған, вакуумдалған қазы, жая, шұжық түрлерін өндіруді жолға қойды.

«Ауыл аманаты» бағдар­ламасы болмаса, мұндай жобаны іске асыру әлдеқайда қиынға түсер еді. Қазір өндірісті кеңейту жоспарын қолға алып жатырмыз. Жұртшылық біздің өнім өз шаруашылығымыздан шыққан табиғи әрі таза тағам екендігін біледі. Сондықтан сұраныс күн санап артып келеді», дейді А.Танкаев.

Бір сөзбен айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл­дағы кәсіп­керлікті дамытуға, тұр­ғын­дардың табысын арттыруға, өңірлік экономиканы нығай­туға бағытталған тиімді бастама екендігін жан-жақты дәлелдеп келеді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open»: Қарсыластар анықталды

Теннис • Бүгін, 09:40

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ

Өнім • Бүгін, 09:25

Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылданады

Қоғам • Бүгін, 09:20

Салық бәсекелестікті қалай дамытады?

Экономика • Бүгін, 09:15

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Әлеуметтік ғылым: Басымдықтардың жаңа моделі

Пікір • Бүгін, 09:05

Тұңғыш мүфтиіміз бақиға озды...

Тағзым • Бүгін, 09:00

Көлік көбейген сайын қауіп күшейіп барады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Айдағы қонақүй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Өндірісі өрістеп, ырысы еселенген өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Тоқыма тылсымы

Көрме • Бүгін, 08:40

Энергетикалық нысандарды аралады

Энергетика • Бүгін, 08:35

Бес минуттың әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью