Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

09.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қорытынды кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша екі тур ұйымдастырылады. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының қабілеттерін ашу, дарынды, білімді балаларды анықтау және олардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Айта кетейік, ауыл оқушыларының интеллектуалды жарыстарға қызығушылығы жыл сайын артып келеді: былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл бұл көрсеткіш 125 000 оқушыға жеткен.

Олимпиада нәтижесінде қатысушылар санының 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, үздік оқушыларға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына ректорлық гранттар табысталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью