Ауыл партиясы мұнай логистика саласындағы мәселелерді көтерді

15.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шымкент қаласында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов мұнай-логистика саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге«Ауыл» партиясының өкілдері Ғани Қарабеков, Талғат Айтбаев және Тимур Савин қатысып, Құрылтай депутаттығына байланысты сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізді.


Кездесу барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов еңбек адамының ел экономикасындағы рөлін атап өтсе, Талғат Айтбаев өндірістік және логистикалық кәсіпорындардың стратегиялық маңызына тоқталды.

Сондай-ақ еңбек ұжымы тарапынан саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью