Ауыл партиясы Солтүстік Қазақстанда отандық өндіріс пен азық түлік қауіпсіздігі талқыланды

06.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Ауыл» партиясының төрағасы Қ.Қ. Айтуғанов пен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдары және ауыл тұрғындарымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Фирма Алекри» және «Молсервис» кәсіпорындарының қызметкерлерімен отандық өндірісті дамыту, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу саласын қолдау және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелері талқыланды.
Якорь ауылындағы ветеринариялық пунктте сала мамандарымен кездесіп, ветеринариялық қауіпсіздік, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту, сондай-ақ ауылдағы білікті кадрларды даярлау және сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Есиль Су» филиалының ұжымымен ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, су инфрақұрылымын жаңғырту, су ресурстарын тиімді әрі ұқыпты пайдалану бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.
Әрбір кездесу тағы бір маңызды шындықты көрсетті: ауылдың дамуы – тек ауыл шаруашылығының ғана емес, өндірістің өркендеуі, еңбек адамының мәртебесін көтеру, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру, ғылымды қолдау және халықтың өмір сапасын жақсарту.
Кездесулер барысында тұрғындар мен еңбек ұжымдары көтерген ұсыныстар мен бастамалар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында міндетті түрде ескерілетін болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью