Ауыл партиясы Түркістан облысындағы егіншілермен кездесті

17.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында егіншілермен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егін даласындағы шаруалардың түскі ас мезгіліне тұспа-тұс келген «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов олармен бір дастархан басында отырып, еркін әңгімелесті.

Еңбек адамдарының күнделікті тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер мен шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ресми жиын мен мінберден тыс өткен бұл кездесу дала еңбеккерлерімен ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Шаруалар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ауыл мен агросекторды дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью