Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұған дейін экспорт кезінде есепке жатқызылатын ҚҚС көлемін 80%-ға қысқарту ұсынылған еді. Енді бұл норма күшін жояды. ҚҚС қайтару өндірушіден экспорттаушыға дейінгі бүкіл тізбекті қамтитын салықтық тексеру арқылы расталады. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда экспорттаушы ҚҚС-ты толық көлемде алады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған жеңілдік қайта қаралады. Қазіргі 80%-дық жеңілдік 70%-ға дейін қалпына келтіріледі.
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Бұдан бөлек, ҚҚС-ты цифрлық теңге арқылы қайтару тетігі пысықталуда. Бұл жүйе қаражатты қайтару мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді және ерікті негізде қолданылады.
Тиісті түзетулер Салық кодексіне енгізілетін өзгерістердің жалпы пакетіне қосылып, Ұлттық құрылтайда ұсынылады.