Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 15,3 млн тоннаға жетті

15.05.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының VII Бас ассамблеясы өтті.

Жиынға ұйымға мүше 40 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері онлайн форматта қатысты.

Бас ассамблеяда сөз сөйлеген Айдарбек Сапаров Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Министрдің айтуынша, Қазақстан:
– астық экспорттайтын әлемдегі ең ірі 10 елдің қатарына кіреді;
– ұн экспорты бойынша екінші орында;
– күнбағыс майын жеткізу бойынша сегізінші орында тұр.

Сондай-ақ елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 15,3 млн тоннаға жеткен. Қазақстан өз өнімдерін Қытай, Ауғанстан және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, әлемнің 50 мемлекетіне экспорттайды.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда соңғы екі жыл қатарынан шамамен 27 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналған. Елдегі жалпы егіс көлемі 24 млн гектарды құрайды.

Жиында азық-түлік қауіпсіздігі мен инновациялар саласындағы Білім орталығын құру бастамасы көтерілді. Сонымен қатар 2027 жылды әйел аграрлық көшбасшылар мен жас агрокәсіпкерлер жылы деп жариялау ұсынылды.

Бас ассамблея қорытындысында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған 13 стратегиялық қарар қабылдады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью