Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ауыл шаруашылығы саласына білікті кадр даярлау ісі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин агротехникалық колледждердің қазіргі ахуалына қатысты депутаттық сауал жолдап, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен оқытудың формалды сипатын сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
Депутаттың айтуынша, бірқатар агротехникалық колледждерде қолданылып жүрген техника әбден ескірген, ал өндірістік шеберханалардың жабдықталу деңгейі заман талабына сай емес. Бұл жағдай агроөнеркәсіп кешеніне қажетті мамандарды сапалы даярлауға кедергі келтіреді.
«Қазіргі өндіріс цифрлық және интеллектуалдық жүйелермен жұмыс істей алатын, кәсіби даярлығы жоғары мамандарды қажет етеді. Мұндай жағдайда оқытуға формалды түрде қарауға жол беруге болмайды», деді депутат.
Осыған байланысты Асылбек Нұралин агротехникалық білім беру жүйесінде ақылы дуалды оқытуды енгізуді ұсынды. Оның үлгісіне сәйкес, студенттердің уақытының 60%-ы нақты өндірісте тәжірибеден өтуге, 40%-ы колледж қабырғасындағы теориялық оқуға бөлінуі тиіс. Мұндай тәсіл болашақ маманның еңбек нарығына бейімделуін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ депутат колледждерді қаржыландыру тетігін қайта қарауды қажет деп санайды. Салалық ерекшеліктер ескеріліп, қаражат ең алдымен оқу техникасын жаңартуға, өндірістік базаны күшейтуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Smart-аудитория ашылды
Депутаттық сауалда көтерілген бұл мәселелер агроөнеркәсіп кешенінің кадрлық әлеуетін нығайтуға, ауыл шаруашылығының технологиялық дамуына серпін беруі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
Ата заң • Бүгін, 17:45
Аида Балаева арандатушылық әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 17:37
Салық берешегі қай межеден асса, есепшот бұғатталады?
Экономика • Бүгін, 17:27
5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді
Қоғам • Бүгін, 17:17
Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты
Қоғам • Бүгін, 17:08
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 16:45
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды
Қоғам • Бүгін, 16:28
Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі
Әлем • Бүгін, 16:15
«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады
Экономика • Бүгін, 16:03
Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?
Оқиға • Бүгін, 15:55
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Оқиға • Бүгін, 15:46
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды
Ата заң • Бүгін, 15:13
Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?
Мәдениет • Бүгін, 15:00