Ауыл шаруашылығы санағына бөлінген қаржының 800 млн теңгесі бюджетке қайтарылды

07.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- 2025 жылы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 3,7 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде игерілген сома - 2,9 млрд теңге, яғни 78%. Бюджет қаражатын үнемдеу sanaq.gov.kz арнайы дайындалған платформасында сауалнамадан өз бетінше өтуге белсенді қатысқан ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылықтардың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл негізгі зерттеу кезеңінде интервьюерлерді тарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік берді, яғни 1-31 тамыз аралығында онлайн өзін-өзі толтырудан өткен респонденттердің есебінен болып отыр, - деп жазылған жауапта.

Агенттіктің мәліметі бойынша, онлайн сауалнамаға ауыл шаруашылығы құрылымының 91,3%-ы, жеке қосалқы шаруашылықтарының 19,3%-ы қатысқан. Қалған респонденттер офлайн-сауалнама арқылы қамтылған.

- Игерілген қаражаттың жалпы көлемінен тартылған адамдардың еңбегіне ақы төлеу - 57%. Ауыл шаруашылығы санағын өткізу қорытындысы бойынша санаққа қатысқан интервьюерлерге сыйақы төленген жоқ. Игерілмеген қаражат белгіленген тәртіпке сәйкес республикалық бюджетке қайтарылды, - деп жазады бюро мамандары.

Еске салайық, аталған санақ былтыр 21 қазанда аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью