Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін беру және алып қою рәсімі электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлады үкімет.
Цифрлық жер картасында аграршылар нақты уақыт режимінде бос жер учаскелерін және қайта бөлінуге дайындалып жатқан жерлерді көріп, өтінімдерді онлайн бере алады.
"Жаңа тетік жер комиссияларының қатысуын алып тастап, жер учаскелерін бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар адам факторының ықпалын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, жүйе өтінімдердің қаралу мерзімдерін әр кезеңде бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні 13,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылып, оның басым бөлігі қайта бөлінді.