Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылдық округінде «Ауыл жастары – ел дамуының тірегі» атты патриоттық форум өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жастарға елге қызмет етудің маңыздылығы түсіндіріліп, олардың қоғамдағы рөлі айқындалды. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің дирижері аға лейтенант Ақниет Айтбекұлы және Бөрлі ауданының полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Кубайсов Мурат сөз сөйлеп, әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігін атап өтті.
Форумда ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген жастар мен құрметті қонақтар Алғыс хаттармен марапатталды.