Ауылдан шыққан әлем чемпионы

07.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жақында ғана Герма­нияның Инцелль қала­сында мәреге жеткен конькимен жүгіруден жас­өспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ спортының тари­хында бұрын-соңды бол­маған жаңа парақ ашылды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 19 жастағы Кристина Шу­мекова айды аспаннан бір-ақ шығарып, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

Мұз айдынында жасындай жарқылдаған Кристина бай­рақты бәсекеде теңдессіз өнер көр­сетіп, жекелей сындағы үш бір­дей қашықтықта (500, 1 000, 1 500 метр) топ жарды. 1 500 метрлік қашықтықта 1.56.06 уақыт көрсеткішімен мұз айды­нының жасөспірімдер арасын­дағы рекордын жаңартты. Ең ауыр саналатын 3 000 метрлік са­йыста күміс жүлде иеленді.

Осылайша, төрт қашық­тық­тың қорытындысы бойын­ша көпсайыста жеңіске жетіп, ел тарихында алғаш рет коньки­мен жүгіруден абсолютті әлем чемпионы (ISU Junior World Champion) атанды. Бұған қоса, ұлттық құрамамен бірге командалық спринтте де алтыннан алқа тағып, бес дүркін әлем чемпионы атанды.

Спортшының өмір жолы да көпке үлгі. Кристина Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданына қарасты Повозочное ауылында, спортшылар отбасында дүниеге келген. Анасы Юлия кезінде жеңіл атлетика, жүзумен айналысса, бүгінде Кристина өзінің сыңары Алина, әпкесі Инессамен бірге ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр. Аналары мәлім еткендей, балалары жас кезінде спорттың әр түрімен, атап айтқанда, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы сынды түрлерімен шұғылданған екен. Тек 5-сыныптан бастап конькиге біржола ден қойған. Жалпы, Юлия Михай­ловна 10 жыл­дан бері жаттық­ты­ру­шы­лық­пен тұрақты шұғыл­данады. Бүгіндері бірнеше баланы жаттықтырып жүр, олардың арасында өзінің 8 жасар ұлы Богдан да бар.

Айта кетейік, 2024 жылы Оң­түс­тік Кореяда өткен жас­өспірімдер Олимпиа­да­сында Кристина еліміздің туын ұстап шыққан болатын.

Бұл жеңіс – тек бір спорт­шының ғана емес, бүкіл елдің мерейін үстем еткен толайым табыс. Айдында алаулаған жас жұлдыздың алдағы ересектер бәсекесінде де талай асуларды бағындыратынына сенім мол.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан • Кеше

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

Әлем • Кеше

Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді

Референдум • Кеше

Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Саясат • Кеше

Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады

Оқиға • Кеше

Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

Қоғам • Кеше

Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды

Президент • Кеше

Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?

Оқиға • Кеше

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

Ата заң • Кеше

Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент • Кеше

Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды

Ғылым • Кеше

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті

Президент • Кеше

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Халық • Кеше

Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью