Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кейінгі үш жылда елде «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 600-ден аса медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, 260 дәрігерлік пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 амбулатория салынды. 228 ауылда медициналық нысандар алғаш рет ашылды. 427 нысан тозығы жеткен және апатты ғимараттардың орнына бой көтерді. Нәтижесінде 1 миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық көмекті тұрғылықты елді мекенінде алуға мүмкіндік алды.