Ауылдардағы жұмыссыздар саны қанша

26.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 4 тоқсанда ауылдарда жұмыс күшінің саны 3,6 млн адам болды, оның ішінде 3,4 млн — жұмыспен қамтылған халық және 1,1 млн — өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары. Ауылдарда ресми жұмыссыздардың саны 162,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда 4,6 пайыз мөлшерінде қалыптасты, — деді Аида Балаева.

Вице-премьердің дерегінше, 2025 жылы ауылдарда 174,7 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде:

— 107,2 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты;
— 28,9 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды;
— 28,2 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша онлайн оқумен қамтамасыз етілді;
— халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5,6 мың адамға жаңа бизнесидеяны іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде гранттар берілді;

— 4,8 мың адам жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы жұмыссыздық артқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью