Ауылдың жөні бір бөлек...

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осындай жастың бірі – Меңдіқара ауданындағы Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал мектебінің мұғалімі Балауса Жүніс. Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы атында­ғы университетті тәмамдаған жас маман бір жылдан бері ауыл мектебінде психология пәнінен сабақ беріп жүр.

«Оқуымды бітіре салып, осы Меңдіқара өңіріне келін болып түстім. Негізі қалада қалуға болатын еді. Бірақ біз ауылды таңдадық. Қостанайда тұрақты жұмысымыз болды. Күйеуім Сайран машина жасау зауытында жұмыс істеді. Өзім университетте оқи жүріп, облыстық газетте қызмет еттім. Бізді ауылға ешкім шақырған жоқ. Қалада еңбекке ерте араласқандықтан ба, әлде күнделікті қарбалас тіршіліктің әсері ме, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қа­ла­тынбыз. Өміріміз таң­ның атуы мен күннің батуының арасында ғана өтіп жатқан­дай көрінетін. Бәрі бар, бәрі жақсы, бірақ өзімізді бір орында айналып жүргендей сезіндік. Бір күні Сайранға әзілдеп: «Ауыл­ға барып көрсек қайтеді?» дедім. Көп ұзамай бұл ойды байып­пен талқылап, ауылға қоныс ауда­руға бел шештік. Әрине, ауылдағы тұрмыс-тір­шілік, жол,­ байланыс жағдайы оңай емес.­ Со­ған қарамастан, бұл жақ­та да өмір сүруге болады ғой­ деп тәуе­кел еттік», дейді жас маман.

Қалада бірер жыл шағын дәмхана ұстап, қосымша табыс тауып келген жас ерлі-зайып­ты оны сатып, біраз мал ба­сын құрап алыпты. Қазір жұ­мыс­тан тыс уақытта, соны ермек етеді.

«Ешбір істің нәтижесі бір­ден келмейтінін, бәрі бір сәтте жақсы болып кетпейтінін тү­сінеміз. Дегенмен, ауыл өмірі бізге көп нәрсені үйретті. Қала­дағы кей жұмысты ауылда да ат­қаруға болады. Бала оқытып, ұстаздық етудің оңай емес екенін біле тұра, тәуекелге бел буып, еңбек жолымызды бастап кеттік. Бізді мектеп ұжы­мы өте жылы қарсы алып, үлкен қолдау көрсетті. Әсі­ресе Жадыра Қуандыққызы, Гүл­нар Сапаржанқызы секілді тә­лімгер ұстаздар балалармен­ жұмыс істеудің қыр-сы­рын­ үйретіп, мектептегі түр­лі­ плат­­формалармен және құжат­тармен жұмысты меңгеру­ге көп көмектесті», деген кейіп­кері­міз өзіне мектепте жұмыс істеген ұнайтынын жеткізді.

Қазір Балаусамен бірге күйеуі Сайран да технология пәнінен сабақ беріп жүр. Бір жылдың ішінде екеуі де талай нәрсені үйреніп, мол тәжірибе жинақтаған.

«Бұл жұмыс біз ойлаған­нан әлдеқайда қиын екенін түсіндік. Сабақ барысында әрдайым оқушыларды не қы­зық­тыратынын, балаға не қа­жет екенін ескеріп отыру­ға тырысамын. Жасанды интел­лектінің көмегімен түрлі әдіс­темелік материалдар мен көр­некіліктерді өзіміз дайындап алатын болдық. Қажетті материалдарды түрлі-түсті етіп басып шығарып, оқушыларға жаңа әрі қызықты тапсырмалар ұсынуға тырысамыз. Мұндай жаңашыл тәсілдер балалардың оқуға деген қызы­ғушылығын арттырып, сабақ мазмұнын түсінуіне көп кө­мектеседі. Бір аңғарғаным, ауыл мектебінде білім алып жатқан баланың тәрбиесі, тәртібі, мұғалімге деген ізеті бәрібір өзгеше болады. Ауыл баласы еңбекқор, ізденімпаз, алғыр болып келеді, үлкеннің алдында иіліп тұрады. Жалпы, балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Баланың болмысы қашанда тазалыққа тұ­нып тұрады ғой. Әсіресе өз еңбегінің кішкентай ғана бір нәтижесін көрген мұғалім­нің жаны тазарып, жүрегі қуа­ныш­­қа толатынын, ерекше бір бақытты күйге енетінін бай­қадым», дейді Б.Жүніс.

Жас мұғалиманың жұмы­сына әріптес аға-апалары да дән риза. Қаратал мектебінің директоры Данияр Балғабаевтың ай­туынша, Балауса бір жыл­дың ішінде бірталай ғы­лыми-шығармашылық, тәр­биелік мақсаттағы жаңа жо­ба­лар­ды қолға алып, оқушы­лары­мен бірге аудан, облыс­ көлемінде өтіп жатқан білім, өнер бай­қауларында айтар­лықтай же­тістікке қол жеткізіп үлгер­ген. Өзін жаңашыл мұғалім ре­тінде көрсете білген жас маман бүгінде ұжымдағы үлкен-кішіге бірдей сыйлы.

«Балауса Қайратқызы аз уа­қыттың ішінде өзіне жүк­телген кез келген міндетке аса жауапкершілікпен қарап, тиянақты атқаратын алғыр маман екенін дәлелдеді. Са­бағын да сапалы өткізеді. Кейінгі жылдары жастардың ауыл мектебіне келуі қиын мәселеге айналып кетті ғой. Жастар келгісі келеді, бірақ қаладағыдай жағдай жоқ. Бас­пана мәселесі қиын. Бірақ арамызда шыдамды, тиянақты жастардың бар екені қуантады. Мысалы, Балауса Қайратқызы осыдан он шақырым жердегі Төлеңгіт ауылынан күн са­йын қатынап жұмыс істейді. Уақытша қиындыққа төзіп, өз жұмысын адал атқарып жүр­ген жас маманға біз де ұжым болып қолдау көрсетуге тырысып жатырмыз. Осы мамыр айынан бастап кішкене көмек болсын деп психология пәнінен қосымша сағат бердік», дейді мектеп басшысы.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью