Ауылдық округ әкімдерінің құзыретінен қандай функциялар алынады

17.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

— Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер (бұдан әрі — ауылдық округ) әкімдерінің функцияларын өзектілендіру, оңтайландыру және қайталанатын не оларға тән емес функцияларды алып тастау мақсатында кешенді талдау жүргізілуде. Осы жұмыс аясында 17 кодекстің және 100-ге жуық заңның ережелері талданды. Оның қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне жүктелген 170-ке жуық функция анықталды, — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ауылдық округ әкімдерінің қызметі, бірінші кезекте, елді мекендерді абаттандыруға, санитариялық жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді үйлестіруге бағдарланған.

— 2025 жылғы желтоқсанда ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Үкімет деңгейінде бірқатар кеңес өткізілді. Талқылау аясында ауылдық округ әкімдерінің құзыретіне жатпайтын 11 функцияны алып тастау ұсынылды. Оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан және пробациядағы адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау, денсаулық сақтау ұйымдарының стационарларында жатқан науқастарды тұрғылықты жеріне тасымалдауды ұйымдастыру және басқалары бар. Әзірленген түзетулер Мәжілісте қаралып жатқан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында пысықталады, — деді Премьер-министр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауылдық округ әкімдері өздерінің кеңейтілген өкілеттіктерін толық іске асырып, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы ақпараттық платформалармен жұмыс істей білуі қажет екенін айтқан болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью