Ауылдық пошта қызметін субсидиялауға 500 млн теңге бөлінеді Олжас Бектенов

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Үкімет басшысы ауылдық жерлерде байланыстың әмбебап қызметтерін субсидиялау мәселесіне тоқталып, 2026 жылы бұл мақсатқа 500 млн теңге қарастырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған бағыт бойынша қосымша қаржыландыру қажеттілігі де бар.

– Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пошта байланысының әмбебап қызметтеріне қосымша қажеттілік ретінде 2,8 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қалыптастырды. Бұл өтінім Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органдардың қарауына ұсынылады, – делінген жауапта.

Айта кетейік, 2025 жылы субсидиялардың жалпы көлемі 2 млрд теңге болған. «Байланыс туралы» заңға сәйкес, субсидия мөлшері шығыстар мен әмбебап қызметтерді көрсетуден түскен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады және республикалық бюджетте көзделген сомадан аспауға тиіс.

Сонымен қатар қолдаудың баламалы тетіктерін енгізу бағытында да жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылғы қарашада «Пошта туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық елді мекендерге қолма-қол ақша жеткізу шығындарын өтеу тетігі қарастырылған.

Осы механизм аясында 2026 жылғы ақпан айында Ұлттық Банк тарапынан «Қазпошта» АҚ-ның 2025 жылға арналған 3,5 млрд теңге көлеміндегі шығыны өтелді.

Бұдан бөлек, Самұрық-Қазына компаниялар тобына кіретін ұйымдар бос қаражаттарын «Қазпошта» АҚ шоттарында орналастырып, қосымша табыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.

– Сондай-ақ, жеке компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуы кезінде өтінімдерді қамтамасыз ету үшін «Қазпошта» АҚ-ның эскроу-шоттарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр, – делінген құжатта.

Бұған дейін, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазпоштамен» мерзімді басылымдарды жеткізу тарифі бойынша ортақ мәмлеге келмесе, Үкімет деңгейінде талқылауы мүмкін екенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью