Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионатта Александр Уваров (88 келіге дейін) кіші қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 165 келіні бағындырып, үздік үштікке енді. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 365 (165+200) келімен бесінші орынға тұрақтады.
110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан Мейрам жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол 375 (171+204) келі нәтижесімен төртінші орын алды.
88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлібек Рахымберды 349 (158+191) келімен сегізінші сатыға жайғасты.
79 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Петр Хребтов жарысты бесінші орынмен аяқтады - 335 (150+185) келі.