“Ауыстырып қондыруды күттік“. Пациенттің хикаясы Ұлытау облысындағы қасіретпен аяқталды

28.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлытау облысының тұрғыны Юлия Зайцева Жезқазған ауруханасында жұбайы қайтыс болғаннан кейін медициналық қателік болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Әйел бейнеүндеу жариялап, онда объективті және жан-жақты тергеу жүргізуді сұрады, деп хабарлайды TengriHealth.

Ұлытау облысының тұрғыны Юлия Зайцева Жезқазған ауруханасында жұбайы қайтыс болғаннан кейін медициналық қателік болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Әйел бейнеүндеу жариялап, онда объективті және жан-жақты тергеу жүргізуді сұрады, деп хабарлайды TengriHealth.

53 жастағы Виталий Вовленко 6 сәуірде Жезқазғандағы облыстық көпбейінді ауруханада бірқатар медициналық ем-домнан кейін көз жұмған. Оның жұбайы Юлия Зайцева науқастың құрсақ қуысынан сұйықтық сору операциясын жасаған дәрігердің қателігі оның өліміне себеп болуы мүмкін деген деп отыр.

Юлияның айтуынша, жұбайы бір жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда, содан кейін шетелде ауыр дерттен күрделі ем қабылдаған. Оған гепатит С-дан кейін асқынған цирроз аясындағы гепатоцеллюлярлық карцинома, яғни бауыр обыры деген диагноз қойылған. Соған қарамастан, отбасы берілмеген: Қытай мен Үндістандағы терапия курстары нәтиже беріп, ісік кішірейіп, ағзаны трансплантациялауға үміт пайда болған.

"Ол қиын болса да, соңғы демі қалғанша өмір үшін күресті. 14 наурызда біз Үндістандағы кезекті емдеу курсынан оралып, шетелдік дәрігерлердің ағза ауыстыру туралы шешімін күттік. 16 наурызда бізді трансплантацияға шақырды. Біз бірден 31-іне ұшаққа билет алдық. Бірақ алдымен құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорғызып алуымыз керек еді. Ол бұл процедураны 7-8 рет жасатқан болатын және барлығы әрдайым жақсы өтетін. Сондықтан біз оны Жезқазғанда жасатуды ұйғардық", - деп еске алады жесір әйел.

Әйел дәл осы сәтті бетбұрыс кезең деп санайды. Оның айтуынша, процедура УДЗ-бақылаусыз жүргізілген.

"Процедураны бөлім меңгерушісінің өзі жасады, мен бәрі жақсы болады деп сендім. Күйеуім Жезқазғандағы ауруханаға көлігін өзі айдап барды, оны бірден жатқызды. Бірақ тесу жұмысын неге екені белгісіз қабырғаның астынан жасаған - бұрын ешқашан бұлай жасамайтын. Дәрігер ештеңе сорып ала алмай, қайта тігіп тастады. Содан кейін күйеуім үйге көлігімен өзі қайтты, бірақ жағдайы нашарлай бастады. Тесілген жері ауырып, қалтырап, кейін сол тұс қабынып кетті", - дейді ол.

Бірнеше күннен кейін ер адамның жағдайы күрт нашарлап, отбасы жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Юлияның сөзінше, алғашында оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Ол қабылдау бөлімінде науқасты бірден қабылдамағанын, тек полицияға жүгінгеннен кейін ғана ауруханаға жатқызғанын айтты. Одан әрі оқиға жедел өрби бастаған.

"Хирург іскен жерді тіліп ашты. Ол жерден нәжіс аға бастады. Хирург мұны видеоға түсіріп, әлгі тесуді жасаған дәрігерге көрсетті. Осылайша біз алғашқы процедура кезінде күйеуімнің тоқ ішегін тесіп алғанын білдік", - дейді Юлия.

31 наурызда Виталий Вовленко Сәтбаевтан Жезқазғанға ауыстырылды. Ол жерде қайта операция жасалды, бірақ 5 сәуірде ол қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге ағзаның улануы (интоксикация) себеп болған.

"Жансақтау бөлімінде жатқанда оның ішін тағы да тазалады. Бірақ бұл ешқандай құжатта көрсетілмеген. Виталий соңғы сәтке дейін аман қалатынына сенді. Ол өмір сүргісі келді", - деп еске алады жұбайы.

Юлия Зайцева бұл іс бойынша объективті тексеру жүргізілуін талап етпек.

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл дерек бойынша өтініш қаралғанын хабарлады. Ведомство ақпаратынша, Жезқазғандағы облыстық көпбейінді аурухана жанындағы медициналық қызмет сапасы жөніндегі кеңес тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесі бойынша, хирургиялық көмек көрсету стандарттарын сақтамағаны үшін дәрігерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Оның қорытындысы бойынша, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданады.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті науқастың отбасынан өтініш 7 сәуірде түскенін хабарлады.

"Өтініш берушімен кездесу өткізіліп, тексеру іс-шараларын жүргізу тәртібі түсіндірілді. Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жоспардан тыс тексеру тағайындалады", - деді ведомство өкілдері.

Мамандар түпкілікті қорытындыны барлық процедура аяқталғаннан кейін жариялауға уәде берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысының Жаңаарқа кентіндегі аудандық ауруханада төрт баланың анасы анестезия салғаннан кейін қайтыс болғаны хабарланған еді. Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап, бұл ауруханада бірнеше науқас өлімі болғанын айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігерлер

Медицина

Денсаулық

Ұлытау облысы

Өлім

науқастар

шағым

аурухахана

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью