Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
30 қаңтар күні Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан Парламентінің 30 жылдығына орай әріптестерімен түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аталған жазбаға пікір білдірген қолданушылардың бірі депутатқа мынадай сұрақ қойған:
"30 жыл ішінде өзіңізге: "Мен елім үшін, халқым үшін не істедім?" – деп сұрақ қойдыңыз ба? Сіз оған өзіңіз де жауап бере алмайсыз. Тек ұрладыңыз, бейқам өмір сүрдіңіз".
Бұл пікірге жауап ретінде мәжілісмен дөрекі сөз қолданып, былай деп жазған:
"Ей, аузыңа ие бол. Мен 30 жыл үшін жауапты емеспін. Өзімнің 3 жылым үшін жауап беремін".
Кейінірек аталған жазба мен пікірталас депутаттың парақшасынан өшірілген. Алайда оның сөз саптауы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қазақстандықтар арасында теріс реакция тудырды. Көпшілік халық қалаулысының бұлай жазуын орынсыз әрі әдепке сай емес деп бағалады.
Айта кетейік, Самат Нұртаза Мәжілістегі қызметіне 2023 жылдың наурызында кіріскен. Бұған дейін, 2022-2023 жылдары ол "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары қызметін атқарған.