Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әлемдік деңгейдегі бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл еліміздің ИКАО-мен ха­лықаралық ынты­мақ­тас­ты­ғы­ның жоғары деңгейін көрсетеді. Қа­зақстан авиациялық қауіп­сіз­діктің халықаралық стан­дарт­та­рын сақтау деңгейі бойынша әлем­дегі жетекші 20 мемлекеттің қа­тарына кіреді. Халықаралық та­лаптарды тиімді іске асыру көр­сеткіші 95,7%-ды құрайды.

Ашылу салтанатына Көлік ми­нистрі Нұрлан Сауранбаев пен ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Са­ласар қатысты.

«Азаматтық авиацияны да­мыту халықаралық ынтымақ­тас­тық пен тәжірибе алмасуды талап ете­ді. Біз халықаралық әуе бағыт­тары­ның желісін жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Авиация сала­сы­ның болашағына сеніміміз зор. Қа­зіргі уақытта сала қарқынды да­му кезеңінде: соңғы алты жылда ал­ты есе өсім байқалды. Мемлекет са­ланы дамыту бағытындағы жұ­мыс­ты жалғастырады. Барлық қа­тысушыға жемісті жұмыс, пай­да­лы пікірталастар және ICAO Aviation Security Week 2026 іс-шарасының табысты өтуін тілей­мін», – деді Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Көлік министрі Нұрлан Сау­ранбаев құттықтау сөзінде.

ИКАО Бас хатшысы Хуан Кар­лос Саласар ашылу салтана­тын­да сөйлеген сөзінде авиация­лық қауіпсіздіктің барлық дең­гейін нығайтып, мемлекеттер әр­бір рейстің қауіпсіздігін бірлесіп қам­тамасыз етуі үшін барлау де­рек­терімен және басқа да аса маңыз­ды ақпаратпен алмасуды қам­тамасыз ететінін айтты.

Авиациялық қауіпсіздік ап­та­лығының алғашқы күні мемле­кет­тер мен серіктестердің жаһандық авиациялық қауіпсіздікті нығай­туға қолдауын көрсететін серік­тес­тік пен міндеттемелерді растау рә­сімі өтті. Рәсім барысында Аме­­рика Құрама Штаттары ИКАО-ның Авиациялық қауіп­сіз­дік бағ­дар­ламасына қаржылық қол­дау көр­сету ниетін жариялады. Соны­мен қатар ИКАО мен Астана ха­лық­­аралық әуежайы басқарушы­лық қызметтер көрсету туралы ке­­­­­лісімге (Management Service Ag­ree­­ment) қол қойды.

Авиациялық қауіпсіздік апта­лығы әлемнің 62 елінен келген авиа­циялық билік органдарының, реттеуші мекемелердің, халық­ара­лық ұйымдардың, әуе­жай­лар­дың, авиакомпаниялардың және сарап­шылық қоғамдастықтың өкіл­­дерін біріктірді. Қатысушылар қатарында Бразилия, Венгрия, Ита­­лия, Канада, Біріккен Араб Әмір­­­ліктері, Португалия, АҚШ, Таи­­ланд, Фран­ция, Эфиопия жә­не бас­қа да мем­лекеттердің өкіл­дері бар.

Үш күн бойы қатысушылар жаһан­­дық авиациялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі сын-қа­терлері мен перспективаларын тал­қылайды. Атап айтқанда, сес­сияларда кейінгі 25 жылдағы әлем­дік авиациялық қауіпсіздік жүйе­сінің жай-күйі, электрондық ком­мерцияның қарқынды дамуы жағ­дайында әуе жүктері мен пош­та тасымалдарының қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қарулы қақтығыс аймақтарының үс­тінен және оларға жақын әуе кеңіс­ті­гінде ұшуларды орындау мә­се­ле­лері қарастырылады.

Іс-шара 22 қазанда «Астанадан жолдаулар» (Messages from Astana) ат­ты қорытынды сессиямен аяқ­та­­лады. ИКАО Авиациялық қауіп­сіздік апталығының Қазақстанда өткізілуі еліміздің халықаралық авиациялық қоғамдастықтағы рө­лі­нің артып келе жатқанын және аза­маттық авиацияның жаһандық қауіпсіздік жүйесін дамытуға қо­сып отырған үлесін айқындай­ды. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью