Авиаотын өндірісі екі есе өседі

09.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысының өзі авиотын мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Отандық авиаотын өндірісін жылына 1,7 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті бар. 

Бұл үшін 2032 жылға қарай елдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының қуатын 17 жарым млн тоннадан 27 жарым млн тоннаға дейін өсіру керек. Қазір жылдық сұраныс 1 млн тонна. Оның 727 мың тоннасын отандық зауыттар қамтыса, қалғаны Ресейден импортталады. Сондай-ақ әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жалғасады. Алматы, Қарағанды, Ақтөбе әуе айлақтарында Jet A-1 маркалы отынды құю кешендері салынады. Кейін бұл жұмыс Түркістан және Ақтауда жоспарланған.

Ай-Бек Төленді, ҚР ЭМ Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің бас сарапшысы:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылда өндірісті жыл сайын 50 мың тоннаға ұлғайту жоспарланған. 2026 жылы – өндіріс көлемі 750 мың тонна, 27 жылы – 800 , 28 жылы – 850 мың тонна болады.  Мұнай өңдеу тұжырымдамасына сәйкес үш ірі мұнай өңдеу зауытының қуатын өсіру арқылы авиаотын өндірісін ұлғайту қарастырылған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью