Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Күре жолдың 126-шақырымында болған суыт жағдайдан «Лада 2110» маркалы автокөлік жол бойындағы қоршауға соғылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Қайғылы оқиға салдары аса ауыр болды. Жол апатынан 43 жастағы әйел жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпастан бірден көз жұмған. Ал тағы бір ер адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілген.
Полиция дерегінше қайғылы жағдай "Астана–Көкшетау" тасжолы бойындағы Барап ауылы маңында болған. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп атап өтті Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертіп, әсіресе, көлік ағыны қарқынды учаскелерде жылдамдықты асырмау, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті.
Өйткені жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінде.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы