Автобус парктеріндегі тексеріс: Таразда 25 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері автобус парктерінде тексеру жұмыстарын жүргізген.

Бақылау іс-шаралары барысында жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне, сондай-ақ автокәсіпорындардың лауазымды тұлғалары тарапынан заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылып отыр.

— Тексеру нәтижесінде техникалық ақауы бар көлік құралдарын желіге шығарғаны үшін 25 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Автобустардың техникалық жағдайы жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Себебі жол үстіндегі кез келген ақау апатқа және ауыр салдарға әкелуі мүмкін, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью