Автолизингтің автонесиеден несі артық вице министр жауабы

02.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

— Автолизингтің автонесиеден бірінші айырмашылығы — мүлік лизинг алушыда емес, берушінің меншігінде қалады. Алынған лизинг сомасы толық өтелгенше көлік лизинг компанияның меншігінде болады. Лизинг алушы астындағы көлікті кез келген уақытта компанияға барып ауыстыруға мүмкіндігі бар. Екінші артықшылығы — лизинг мәліметтерінің несие тарихына ықпалы аз болады. Лизингтен өткен адамның келісімшарты несие тарихында ескерілмейді, - деді Азамат Панбаев.

«ForteLeasing» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Саят Үрпежанов кеше автолизинг бойынша бірінші пилоттық жоба өткенін айтты.

— Бұл жобаны біз Allur Group компаниясымен серіктестік аясында жасадық. Біздің негізгі шарттарымызды заңды тұлғаларға берілетін лизинг шарттарымен бірлестіріп жасадық. 10 пайыз бастапқы жарнасымен, 15 пайызбен үш жылға берілді. Бұл заңды тұлғаларға берілетін лизинг шартымен бірдей. Біз халықаралық тәжірибені қарадық. Оларда жарнасыз да автолизинг беріледі және пайыз мөлшерлемелері де төмендеу. Әрі қарай жетілдіреміз. Қазірдің өзінде бірқатар ұсыныс түсті. Оның бәрін Үкіметпен, қауымдастықпен бірге пысықтайды, — деді лизинг компаниясының өкілі.

Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік лизингіге берілетінін айтылған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью