Автоматы бар бойжеткен астаналықтарды шошытып, айыппұл арқалады

11.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада қалалық аялдамалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған қыз жауапқа тартылды. Мән-жайды елордалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада қалалық аялдамалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған қыз жауапқа тартылды. Мән-жайды елордалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер елордадағы аялдама павильондарының бірінде қоғамдық тәртіп бұзылғанын анықтады.

Бейнежазба кадрларында қыздың автоматқа ұқсас затты жан-жаққа көздеп тұрғаны көрінеді. Кейінірек оның ойыншық екені белгілі болды.

Жаза

Полицейлер мәліметінше, қыз ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Оның қолында ойыншық автомат болғаны анықталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деп нақтылады полициядағылар.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың мазасын алатын кез келген әрекет ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Тағы оқыңыз: Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью