Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке автоматты қоңыраулар мен байланыс операторлары арасындағы бәсекеге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутат заң жобасында пайдалы бастамалар бар екенін айтқанымен, азаматтарды мазалайтын автоқоңырау мәселесі әлі шешілмегенін сынға алды. Оның сөзінше, бұл мәселе комитет отырыстарында да көтерілген, алайда министрлік автоматты қоңырауларға тыйым салу туралы норманы қолдамаған.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов байланыс операторлары шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын алаяқтық шабуылдарға қарсы қандай техникалық шаралар қабылдап жатқанын сұрады.
Бұдан бөлек, депутат мобильді операторлардың ортақ инфрақұрылымды пайдалану тәжірибесін енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, Еуропа мен АҚШ-тағыдай байланыс операторлары жеке-жеке кабель тартпай, ортақ желілерді қолданса, бұл бәсекені арттырып, тарифтердің арзандауына әсер етуі мүмкін.
Өз кезегінде Жаслан Мәдиев автоматты қоңыраулар мәселесі әлі де талқыланатынын айтты. Министр қазіргі таңда нарықта үш ірі мобильді оператор жұмыс істейтінін және жаңа ойыншылардың келуі нарықтың табыстылығына байланысты екенін жеткізді.
Оның айтуынша, егер байланыс нарығы тартымды әрі тиімді болса, онда жаңа операторлардың пайда болуына мүмкіндік туады.
Сонымен қатар елде телефон алаяқтарына қарсы жаңа шектеулер енгізу жоспарланып отыр.
Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек
Айта кетейік, Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады.
Соңғы жаңалықтар
Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды
Үкімет • Бүгін, 13:08
112 қызметіне көмек сұраған адамның орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:57
Енді eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады
Парламент • Бүгін, 12:47
Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек
Парламент • Бүгін, 12:22
Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Әскер • Бүгін, 12:12
Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті
Білім • Бүгін, 12:08
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 11:59
Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 11:40
Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады
Парламент • Бүгін, 11:34
Қызылордадағы жатақханада студент көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:27
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Сауда • Бүгін, 11:21
Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы
Мәселе • Бүгін, 11:20
Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 11:03
Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 11:00
Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Парламент • Бүгін, 10:44