Авторлық құқық мәселесі қалай шешімін табады?

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстан Республикасында электронды кітапханаларды қалыптастыру кезінде авторлық құқықтың сақталуы мәселелері» тақырыбында кеңес отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

фото: gov.kz

Іс-шараны Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, зияткерлік меншік саласының мамандары, кітапханашылар, еліміздегі көпшілік кітапхана өкілдері (онлайн форматта) қатысты.

Шараның басты мақсаты – электрондық кітапханаларды қалыптастыру және дамыту барысында авторлық құқық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру болды.

Қазақстанда авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай платформасы қашан іске қосылады?

Шараның модераторы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Кәкен Гүлнара Қаратайқызы авторлық құқық мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге шолу жасап, электрондық контентті заңды пайдалану тетіктерін түсіндірді.

Авторлық құқықты қоғайтын заң қабылданды

Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Күміс Сейітова электронды кітапханаларды қалыптастыру құқықтық мәдениетті талап ететін күрделі әрі жауапты үдеріс екенін баса айтып, кітапханадағы электронды қордың жұмысына тоқталды. Ал, Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің бас сарапшысы Ботагөз Сатжанова өз баяндамасында Марракеш шартының маңызын және зағиптар мен көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ баспа ақпаратын қабылдау мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жария етілген туындыларға қолжетімділігін жеңілдету тетіктерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Бақыт Нұрмұханов: Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді

Ата заң • Бүгін, 19:03

Авторлық құқық мәселесі қалай шешімін табады?

Қоғам • Бүгін, 18:39

Шығыста екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

Жемқорлық • Бүгін, 18:27

Әуезов театрының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін құнды деректер жарияланды

Мәдениет • Бүгін, 18:00

Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Аймақтар • Бүгін, 17:54

Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?

Ата заң • Бүгін, 17:43

Конституциялық реформа: Жаңа оныншы бөлімде не жазылған?

Ата заң • Бүгін, 17:34

Мәулен Әшімбаев: Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр

Сенат • Бүгін, 17:30

Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енгізіледі

Сенат • Бүгін, 17:26

«Миланның» бұрынғы ойыншысы «Жеңіс» футбол клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 17:20

Құрылтай мен Халық Кеңесінің құзыреті қандай?

Ата заң • Бүгін, 17:17

Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?

Ата заң • Бүгін, 17:00

Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының мақсаты – мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту

Сенат • Бүгін, 16:58

Сенат төрағасы: Конституциялық реформа – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Сенат • Бүгін, 16:54

Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?

Медицина • Бүгін, 16:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью