Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанада автосалон директоры сатып алушыларды ақша және көліксіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Астана прокуратурасы мәліметінше, автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөлік брондау және жеткізу бойынша шарттар жасасқан. Алайда ол сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсатына пайдаланған.
"Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банк аударымдары жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған", - деді ведомстводағылар.
Оның қылмыстық схемасынан алты сатып алушы зардап шегіп, шығын көлемі 128 миллион теңгеден асты.
Директордың кінәсі толық дәлелденіп, сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ материалдық шығынды өндіру туралы талап арыздар қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін біз Тараздағы автосалонның топ-менеджері 334 миллион теңгені жымқырғаны туралы хабарлаған болатынбыз, бұл қаражат компания мен клиенттерге тиесілі болған.
Тағы оқыңыз: Автосалон менеджері сатып алушылардан 118 миллион теңге алып, елден қашып кеткен - ІІМ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу