Автосалон менеджері сатып алушылардан 118 миллион теңге алып, елден қашып кетті ІІМ

10.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тбилисиде атыраулық алаяқ ұсталды, енді оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

Тбилисиде атыраулық алаяқ ұсталды, енді оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

ІІМ сұрауы бойынша 5 мамырда Грузияда халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы қазақстандық ұсталып, қамауға алынды.

Полиция мәліметінше, ер адам Атыраудағы автосалондардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген. Ол көлік алып беремін деп сатып алушылардан тікелей ақша алып отырған. Мәселен, 2022 жылдың тамызында екі автокөліктің ақысы ретінде сатып алушының 37 миллион теңгесін алдап иемденген.

Осыған ұқсас схемамен 2023 жылдың ақпанында тағы екі азаматты 81 миллион теңгеге алдап кеткен. Екі жағдай бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 118 миллион теңге болды.

Бұған дейін Астана тұрғыны Land Cruiser сатып алмақ болып, 20 миллион теңгесінен айырылып қалғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: “Салонда тұрған клиенттердің көлігін сатқан“: Таразда менеджер 334 миллион теңгені қолды қылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью