Аялдамадан өтіп кеткені үшін автобус жүргізушісіне ашуланған астаналық қамауға алынды

13.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 13 шілде - Sputnik. Астанада аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған астаналық 20 тәулікке қамалды.
Полицияға қалалық автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында құқық бұзушының 44 жастағы ер адам екені анықталды.

"Белгілі болғандай, жанжалға автобустың аялдамаға тоқтамай, өтіп кетуі себеп болған. Осыған байланысты жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, кейін ашуға бой алдырып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып, сындырып жіберген", - дейді полиция.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді, дейді полиция.

Полиция агрессивті әрекеттер, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью