Аялдамаға автомат ұстап шыққан: астаналық келіншек елді шошытты

11.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада аялдама тәртіп бұзып, тұрғындардың мазасын алған әйел жауапкершілікке тартылды. Желіде тараған бейнежазбадан кейін елордалық полицейлер шұғыл тексеріс жүргізген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында оқыс видеоны анықтаған. Бейнежазбада келіншек қаладағы аялдаманың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Бейнежазбада ол қаруын көтеріп, шошандатып, елді дүрліктірген. 

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, тәртіп бұзушының тұлғасын анықтады. Тексеріс нәтижесінде оның қолындағы шошаңдатқан қаруы нақты жауынгерлік автомат емес, ойыншық екені анықталды. Соған қарамастан келіншек ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған заңбұзушылық бойынша іс сотта қаралып, тиісті шешім қабылданды. Сот қаулысымен тәртіп бұзған әйелге 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың мазасыздануын тудыратын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – деп ескертті Полиция департаментінен.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью