Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әйелдер арасында жекелей сында өнер көрсеткен Аяна жолдас жалпы есепте 21-орыннан көрініп, ақтық сынға жолдама ала алмады.
Отандасымыз жарыстан кейін Kazinform тілшісімен сұхбаттасып, өз өнеріне баға берді.
— Бар күшімді салдым. Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Әрине, қос аяқтап түсе алмадым. Бірақ бұл менің ең сәтті секірулерімнің бірі болды деп ойлаймын. Екінші секіруді өмірімде екінші рет қана жасадым. Себебі Олимпиадаға санаулы күн қалғанда бағдарламамызды күрделендірдік, — деді спортшы.
Аяна Жолдас Олимпиада ойындары алдында жарақат алып, ота жасатқанын жасырмады.
— Шынымды айтсам, желтоқсанда жарақат алып, ота жасаттым. Одан кейін қалыпқа келуге ұзақ уақыт кетті, бүкіл маусымды өткізіп алдым. Соған қарамастан Олимпиадада өнер көрсеткеніме өте ризамын, — деді ол.
Сөз соңында, спортшы ертең жарыс жолына шығатын командаластарына сәттілік тілеп, командалық жарыста өнер көрсететінін еске салды.
— Жігіттерге сенемін. Олар финалға да, суперфиналға да өтеді деп үміттенемін. Алда командалық жарыста бар күшімді саламын, — деді Аяна.
Айта кетерлігі, бүгін 11 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалда өнер көрсетеді.