Аяз бен қар: жексенбіде ауа райы қандай болады?

21.12.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстікте және шығыста қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас, көктайғақ және тұман болжанады. Батыста да жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ болады.

Астана - көшпелі бұлтты, кейде аздаған қар жауады, боран. Түнде ауа температурасы 16-18 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз.

Алматы - көшпелі бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Түнде температура 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылу.

Шымкент - көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, тұман. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

Қонаев - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылу.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Түнде және таңертең кейде тұман. Түнде температура 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

Қызылорда - бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Түнде температура 13-15 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Тараз - көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

Ақтау - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде температура 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылу.

Атырау - көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылу.

Орал - бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

Ақтөбе - бұлтты, түнде қар жауады. Түнде температура 9-11 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 15-17 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 17-19 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Петропав - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.

Семей - көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.

Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 20-22 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью