Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Актриса, продюсер Дарын мемлекеттік сыйлығының және “Тарлан” сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса жеке өміріне қатысты сұрақтарға жуап берді. Ол жолдасы, актер Азамат Сатыбалдыға алдымен өзі ғашық болғанын жасырмады.
«Академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым. Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін. Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Оны сен де білесің. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді», - дейді актриса.
Өнер иесі ата-енесін қатты құрметтейтінін, олар да келін ретінде жақсы көргенін айтты.
«Қайын атам былтыр 90 жасқа келіп, өмірден өтті. Пешенеме сондай адамға келін болуды жазғанына шүкіршілігімді айтамын. Ол абыз адам еді. Азаматтың сүйіспеншілігінен де қымбаты – атамның, қазір қолымда отырған енемнің сүйіспеншілігі", - дейді Назгүл Қарабалина.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.