Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Әділет» партиясының байқаушысы Қуандық Досқалиев сайлау учаскесіндегі ахуал туралы пікір білдірді.
«Қазіргі таңда №381 сайлау учаскесінде бақылаушы ретінде сайлау барысын бақылап отырмын. Учаскеде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Дауыс берушілердің белсенділігі ерекше байқалады. Азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын еркін жасауда. Бақылаушы ретінде дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуіне назар аударып отырмын. Қазіргі уақытта учаскеде қоғамдық тәртіп сақталған, қажетті жағдайлардың барлығы қамтамасыз етілген. Жалпы, №381 сайлау учаскесіндегі сайлау барысы тұрақты және қалыпты өтіп жатыр», – деді байқаушы Қуандық Досқалиев.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр.