Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр

30.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, жалпы 2019 жылдан бері елімізде шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны ашылған.

«Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан осы аймақта көш бастап тұр. Бұл ел дамуының нақты көрінісі екені сөзсіз», деді Президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, азаматтардың бәріне сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмек алуға кепілдік берілген.

«Бұдан бөлек, отандастарымызға нейрохирургиядан бастап репродуктивті медицинаға дейінгі ең жоғары технологиялық медициналық ем-шаралардың барлығы қолжетімді», деді Президент.

Тоқаев: Парламент тек кейінгі 3 жылдың өзінде 300-ден астам маңызды заң қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, сонымен қатар қоғамға қызмет ету жолын таңдағандардың алаңсыз еңбек етуіне лайықты жағдай жасалып жатыр.

«Нақты қадамдар арқылы ұстаздар мен дәрігерлердің беделін арттыра береміз. Мұғалімдердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Соңғы үш жылда 1,2 миллионнан астам адамның еңбекақысы 50 пайыздан 100 пайызға дейін артты», деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында соңғы үш жылда республика бойынша 584 заманауи мектеп салынғанын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью