Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына (OECD Recommendation on Public Integrity) қосылғанын ресми түрде растады. Бұл туралы тиісті хатты ЭЫДҰ Бас хатшысы Маттиас Корманн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына жолдады.
Сурет: inbusiness.kz
Аталған шешім ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық адалдық жүйесі мен оның іске асырылу тетіктеріне жүргізген кешенді шолуының қорытындылары және Ұйым аясындағы барлық рәсімнің толық аяқталуы негізінде қабылданды. Шешім еліміздің адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жөніндегі міндеттемелерді қабылдағанын көрсетеді.
ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымы – мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін орнықтыруға бағытталған негізгі халықаралық құжаттың бірі. Ол 13 қағидатқа негізделген және мемлекеттік аппараттың барлық деңгейінде, сондай-ақ тұтастай қоғамда адалдықты қамтамасыз етудің жүйелі, тәуекелге бағдарланған әрі контексті ескеретін тәсілдерін іске асыруды көздейді.
Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кәсіби, есеп беретін және азаматтарға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі реформалардың маңызды кезеңі саналады. Қазақстанның ЭЫДҰ ұсынымына қосылуы – халықаралық стандарттарға әрі «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай өзгерістердің айқын көрінісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған Ұсынымға қосылуды мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдірудің, әдеп стандарттарын күшейтудің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді дамыту мен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін одан әрі арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырады.
Агенттік алдағы уақытта да Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару жүйесіне озық халықаралық тәжірибелерді енгізу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын тұрақты түрде іске асыруды жалғастырады.
Айта кетейік, ЭЫДҰ – экономикалық және әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдық институттарды дамыту салаларында халықаралық стандарттар мен ұсынымдар әзірлейтін беделді халықаралық ұйым.
Соңғы жаңалықтар
Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 09:03
«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға
Саясат • Бүгін, 09:00
Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде
Референдум • Бүгін, 08:58
Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным
Саясат • Бүгін, 08:55
Жастар • Бүгін, 08:53
Келісім мен тұрақтылық темірқазығы
Қоғам • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:48
Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?
Қоғам • Бүгін, 08:45
Риелторлар нарығына реформа керек
Қоғам • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35
Digital • Бүгін, 08:33
Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі
Білім • Бүгін, 08:30
Игілігі мол интеллектуалды жобалар
Digital • Бүгін, 08:28