Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Азат Перуашев неге қызметінен кетуге шешім қабылдады?
Азат Перуашев партия өз құндылықтарына адалдығын талай рет дәлелдегенін айтты. Алайда оның пікірінше, қазіргі таңда заман талабына сай өзгеріп, жаңа көзқарастар мен тәсілдерге ашық болу да маңызды.
Ол кез келген ұйымның дамуына монополия кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алудың ең тиімді жолы – басшылық құрамын мерзімді түрде жаңартып отыру деп есептейді. Осы себепті ол партия төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.
«Ақ жол» демократиялық партиясы жаңа Конституцияны қолдайтынын жариялады
Сондай-ақ Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағалығына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.
Айта кетейік, жыл басында «Ақ жол» демократиялық партиясында әйелдер қанаты құрылды.