Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
SOCAR 2026 жылдың қаңтар айында басталған жеткізілімдер Оңтүстік және Орталық Еуропадағы тұтынушыларға жүргізіліп жатқанын хабарлады. Австрия мен Германияға жеткізілімдердің басталуымен Әзербайжан құбыр газын импорттаушы елдердің жалпы саны 16-ға жетті.
SOCAR жеткізуді кеңейту Әзербайжанның ұзақ мерзімді энергетикалық стратегиясына сәйкес келетінін және оның Еуропаға сенімді энергия жеткізушісі мәртебесін нығайта түсетінін атап өтті.
Ұзындығы 3500 шақырымнан асатын Оңтүстік газ дәлізі Каспий теңізі аймағын, атап айтқанда, Шах-Дениз газ кен орнын еуропалық нарықтармен байланыстырады.
Айта кетейік, Армения мен Әзербайжан шекарадағы теміржол инфрақұрылымын жетілдіруге кірісті.