Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Тегерандағы елшілікті де, Тебриздегі бас консулдықты да эвакуациялау туралы тапсырмалар берілді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Ираннан Тегерандағы елшілік пен Тебриздегі бас консулдықтың қызметкерлері кетіп жатыр.
Бұл шешім Әзербайжан аумағына ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары құлағаннан кейін қабылданды. Күні кеше Нахшыванға екі дрон құлаған болатын: біреуі әуежай аумағына, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің жанына түсті. Соның салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шекті.
Осы оқиғадан кейін Иран елшісі Әзербайжан СІМ-не шақырылды. Билік елдің оңтүстігіндегі әуе кеңістігін жауып, Президент Ильхам Әлиев болған жағдайды теракт деп атады.