Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Министрлік мәліметінше, кездесу барысында Әзербайжан мен Сербия басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі саяси қарым-қатынастың стратегиялық әріптестікті нығайтудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Сондай-ақ биыл ақпанда Белградта екі ел президенттерінің тең төрағалығымен өткен Стратегиялық әріптестік кеңесінің алғашқы отырысы және газтурбиналық электр станциясы бойынша үкіметаралық келісім энергетика саласындағы ынтымақтастықтың дамуына серпін бергені айтылды. Бұдан бөлек, наурыз айында өткен энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы да сөз болды.
Фото: АзертаджКездесуде мұнай-газ және энергетикалық инфрақұрылым, электр энергиясын өндіру, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері мен жылумен қамту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі жылдан астам уақыт ішінде Әзербайжаннан Сербияға 444,6 млн текше метр газ экспортталғаны хабарланды. Сонымен қатар Сербиядағы газ электр станциясы жобасын іске асыру барысы қаралды.
Тараптар «Каспий – Қара теңіз – Еуропа» жасыл энергетикалық дәлізі жобасы аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де бағалады.
Кездесу барысында серб тарапы «Баку энергетикалық апталығы» аясында өтетін іс-шараларға кеңейтілген құрамда қатысуға шақырылды.
Осыдан бұрын Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жібергенін жазғанбыз.