Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Амнистия «Конституция және егемендік жылы» аясында жарияланып, Ильхам Әлиевтің бастамасымен парламент қабылдаған шешім негізінде жүзеге асырылды.
Құжатты орындау жұмыстары төрт ай ішінде аяқталды. Оған мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Қамтылған адамдар саны бойынша бұл 1996 жылдан бері елде жүзеге асқан 13-амнистия болып, осы кезеңдегі ең ірі акт ретінде тіркелді.
Ресми мәліметке сәйкес, амнистия нәтижесінде 5 348 адам бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. 3 555 сотталғанның жаза мерзімі алты айға қысқартылды. Тағы 9 714 адам бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан босатылды.
Әділет министрлігінде бұл шешім қылмыстық-атқару саясатын ізгілендіруге және амнистияға іліккен азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.
Осыған дейін Шымкент пен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жатқан 675 сотталғанның жеке істері зерделеніп, рақымшылыққа іліккені туралы жаздық.