Азиада 2026: боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтті

28.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Махмұд ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Шин Джэёнды төрешілердің шешімімен 3:1 есебімен жеңді.  

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (75 келіге дейін) 1/2 финалға өткен еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью