Азиадаға әзірлік қалай?

14.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл ме­­­­­гаполисте халықаралық масш­таб­та ұйымдастырылатын алғаш­қы дода емес. Осыған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойын­да­рын өткізсе, оңтүстік астанасы 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы Уни­версиада ойындарын қабыл­да­ды. Араға он сегіз жыл салып, Алм­а­ты қаласы тағы бір мәрте бай­­рақты бәсекені өткізу құқы­ғы­на ие болды. 

Өткенге шегінсек, 2011 жы­лы же­тінші қысқы Азия ойындарын өт­кізетін спорттық ғи­мараттар тізіміне 15 нысан кір­ген. Оның ішінде, 5 ғимарат қайта жаң­ғыртылса, қалған 10 нысан Ал­маты, Астана қалаларында, сон­дай-ақ Алматы облысында жаңа­дан салынды. Халықаралық спорт­тық іс-шараны ұйымдастыру үшін бюджеттен қисапсыз мил­лиард­тар бөлінген. Кейіннен қо­мақ­ты қаржының жоспарға сай пай­даға асуына қатысты мәселе туын­дағаны да жасырын емес. Құ­зырлы органдар осыған дейінгі қыс­­қы Азия ойындарынан сабақ ал­­ды ма? Алматы құрлықтық ойын­­­­­ды қабылдауға дайын ба? Біз таяуда Алматы қаласындағы қыс­қы Азия ойындарына дайындық барысы туралы Туризм және спорт министрлігіне ресми сауалы­мыз­ды жолдаған едік. Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев бізге берген жауа­бында 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін жаңа ірі спорт нысандарын салу жос­пар­ланбағанын мәлімдеді. 

– Бүгінге дейін 2011 жылғы қыс­қы Азия ойындарын өткізу тә­­­­жірибесі жан-жақты талданды. Қорытындылай келе, жаңа ірі құ­рылыс көлемін барынша қыс­қар­ту, қолданыстағы нысандарды жаң­ғырту мен тиімді пайдалануға ба­сымдық беру, бюджеттен тыс қара­жат пен демеушілерді тарту жұ­мысын күшейту, операциялық шы­ғындарды оңтайландыру, сон­дай-ақ ойындардан кейін спорт нысандарының ұзақмерзімді жүк­темесін қамтамасыз ету туралы ше­шім қабылданды. Осыған бай­ла­нысты 2029 жылы өтетін ойын­дар­ға дайындық барысында жаңа ірі нысандар салу қарастырыл­ма­ған, – деді ол. 

Министр орынбасарының айтуынша, қазір Алма­ты­­­дағы «Медеу» спорт кешенінде қай­та жаңғырту жұмысы жүргі­зі­ліп жатыр. Жаңғырту аяқтал­ған­нан кейін нысан Халықаралық ко­нь­кишілер одағының (ISU) та­лап­­тарына толық сәйкес келетін көрі­неді.

– Министрлік 2029 жылғы қыс­қы Азия ойындарын өткізу ар­қылы қысқы спорт түрлерінің бұ­қаралық дамуын күшейту, жас спортшыларды даярлау жүйесін же­тілдіру, спорт резервін нығайту, со­нымен қатар ұлттық коман­да­лар­дың бәсекеге қабілетті болуы­на ықпал ете отырып, еліміздің ха­­­­лықаралық спорттық имиджін ны­ғайту сынды стратегиялық нә­тижелерге қол жеткізуді көздеп отыр, – деді Серік Маратұлы. 

Ал қысқы Азия ойындарының дайын­дық жұмысына бөлінетін қар­жы көлемі қандай? Қаражат­тың негізгі бағыттары қалай бө­лін­бек? Министрдің орынбасары әзір­ге бұл сауалға жауап беру ерте еке­нін айтты. Десек те, өткен ойын­­­дардың тәжірибесімен са­лыс­тырсақ, осы жолы бөлінетін қа­ра­жат көлемі төмен болуы мүм­кін деген болжам бар.  

Алдын ала болжам бойынша, дайындық шығындары 2011 жыл­ғы Азия ойындары мен 2017 жыл­ғы Универсиадамен салыс­тыр­ған­да, айтарлықтай төмен болады, се­­­­бебі ауқымды жаңа құрылыс жүр­гізу жоспарланбаған. Халық­ара­лық жарыстарды өткізу тә­жі­ри­­бе­сінде шығындардың бір бөлігі де­меушілер мен серіктестер есе­бі­нен жабылады. Сонымен қатар мұн­дай ауқымды іс-шара туристік ағым­ды арттырып, өңір экономи­ка­сына оң әсерін тигізеді, – деді Ту­ризм және спорт министрінің орын­басары С.Жарасбаев. 

Алматының қысқы Азия ойын­­­дарын екінші рет қабыл­дауына байланысты сарапшы­лар­дың пікірі екіге жарылды. Алайда көз­қарастар екіұдай болғанымен, са­рапшылардың пікірі түбі бір мүд­деге тоғысады. Бұл дегеніміз, құр­лықтық ойын қатардағы имидж­дік іс-шара болып қалмай, оның әлеуе­ті келешекте толық пайдаға асу­ға тиіс.

Urban Forum Kazakhstan ҚҚ ди­ректоры Әділ Нұрмақов қысқы Азия ойындары белгілі бір дең­гей­дегі инфрақұрылымды талап ете­тінін негізге алды. Оның сөзінше, 2029 жылғы Азия ойындарын өт­кізу үшін Алматының қайта таң­далуы – халықаралық комиссия қа­ланың өткен тәжірибесін де, болашақ әлеуетін де оң бағалаға­ны­ның көрінісі. Сонымен бірге ур­банист бұл тұста назар аударар­лық екінші мәселенің барын атап өтті. 

– Екіншіден, ірі халықаралық іс-шаралар қалаға ішкі ресурс­та­ры­­­мыз бен бюджет көзін жұмыл­дыру арқылы бұрыннан қажет бо­лып тұрған жобаларды жүзеге асы­­руға мүмкіндік береді. Мә­се­лен, 2011 жылғы ойындар қар­саңын­да қалада маңызды көлік жо­балары жүзеге асуға тиіс еді. Атап айтқанда, ЛРТ желісі мен за­манауи трамвай желісі жос­пар­ланып келді. Бұл жоба орталықты Олимпиада ауылы және «Алматы Арена» кешенімен байланыс­тыруы керек еді, бірақ іске аспады. Халықаралық спорттық жарыстың әлеуеті толық пайдаланылмай, ке­рі­сінше, ауқымды мәселелер пай­да болды. Сондықтан алдағы қыс­қы ойындар тек имидждік мақ­саттағы іс-шара күйінде қал­май, болашақта қаламыздың да­муы­на серпін беретін факторға ай­налуға тиіс, – деді урбанист.

Сарапшы өз сөзінде таулы ау­мақтарға түсетін эколо­гия­лық жүк­темеге ерекше мән беру қажеттігін ескертті. Оның ай­туынша, 2011 жылы көптеген жұ­мыс асығыс жүргізілгендіктен, бұл мәселе жеткілікті деңгейде на­зарға алынбаған. Осының сал­дарынан тау беткейлерінде эрозия процесі күшейген. 

– Алғашқы бағалауға сүйен­сек, қазір жарысты өткізуге қажет­ті нысандардың едәуір бөлігі қа­ла­да бар. Ең бастысы, тәуекелден ба­рынша сақтану, яғни жарыс аяқ­талғаннан кейін бос қалып, кү­тіп ұстау үшін ғана шығын талап ете­тін алып стадиондар мен ны­сандар салудан аулақ болу қажет. Мега-ивенттерге тән тағы бір мә­се­ле – қоқыс көлемінің күрт ар­туы. Қоқыс жүктемесін азайту үшін қалдықтарды сұрыптау мен қай­та өңдеудің заманауи жүйесін да­мыту қажет, – деді Ә.Нұрмақов.

Сонымен жауапты шенділер үш жылдан кейін өтетін байрақты бә­секені өткізуге қазіргі инфра­құры­лымның ахуалы сай келе­ті­нін, сол үшін де алда жаңа нысан­дар салу жоспарланбағанын алға тар­тып отыр. Мұндай ұстаным, бір жағынан, қолда бар нысан­дар­ды тиімді пайдалануға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, күрделі құ­­­­­ры­лыстарға бөлінетін мил­лиард­­таған қаражатты қоғамдық кө­лік немесе әлеуметтік инф­ра­құры­лым­ды жетілдіру сынды өзек­ті са­­лаларға жұмсауға жол ашуы мүм­кін. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью