Азия атлеттері жарысады

30.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

6–8 ақпан аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында жабық ғимараттағы ХІІ Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Дүбірлі додада еліміздің туы астында 25 спортшы өнер көрсетеді.

Сурет: vesti.kz

Дәл осы жарыс 2023 жылдың ақпан айында Аста­нада дүркіреп тұрып өткен еді. Сол кезде жерлес­тері­міз 12 (6 алтын, 3 күміс, 3 қола) медаль олжалап, жалпы­ко­ман­далық есепте екінші орынды иеленді. Қазақ елінің өрен­дері Жапониядан (6+5+4) кейінгі орынды иеленді. Арқа төсінде мақтаулы Қатар (2+4+2), Қытай (2+2+6), Өзбек­станның (2+1+1) алдын орап кетті. Десек те, бұл отан­дастарымыздың ең үздік нәтижесі емес. 2006 жылы Таи­лан­дтың Паттаясында одан да жақсы нәтиже көрсеткен. Жа­рысты еліміздің құрамасы 18 (7+2+9) жүлдемен қо­ры­тын­дылап, командалық сайыста жеке-дара көш бастады. Тай елінде Қытай (6+4+2), Жапония (4+2+0) секілді алпауыттар қанша арпалысқанымен, алдымызға түсе алмады.

Тяньцзиньде өтетін жарыстың әйелдер сайысында Ольга Сафронова (60 метр), Юлия Башманова (60 метр кедергілермен), Аделина Земс  (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Мария Шувалова (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Анна Шумилио, Кристина Кондрашова (4×400 метрлік эстафета), Милана Зубарева (4×400 метрлік эстафета), Нора Джеруто (1500 метр, 3000 метр), Дарья Миллер (1500 метр), Алина Чистякова (бессайыс), Анна Черкашина (сырықпен секіру), Полина Иванова (сырықпен секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Кристина Овчинникова (сырықпен секіру), Ақбаян Нұрмәмет (800 метр), Екатерина Колода (800 метр, Мария Ефремова (үш қарғып секіру) бақ сынайды.

Ерлер арасында Алмат Төлебаев (60 метр), Виталий Земс (60 метр), Давид Ефремов (60 метр кедергілермен), Эльнор Мұхитдинов (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Андрей Соколов (4×400 метрлік эстафета), Мәди Төкенов (4×400 метрлік эстафета), Михаил Литвин (4×400 метрлік эстафета), Вячеслав Земске (400 метр, 4×400 метрлік эстафета) зор сенім артылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью