Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда әйелдер және ерлер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды. Ел атынан алғаш болып шаршы алаңға 51 келіде Жазира Орақбаева шықты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ҰОК
Отандасымыз Солтүстік Корея өкілі, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Кум-биолға қарсы қолғап түйістірді.
Жазира Орақбаева 3-раундта жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, 2 раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз есепте алда келе жатқанмен жеңіс қарсыластың есебіне жазылды.
Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды
Сондай-ақ 54 келіде бақ сынаған Элина Базарова үшін де Азия чемпионаты аяқталды. Ол әлем кубогінің жеңімпазы, Үндістан өкілі Прити Притиге 0:5 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, күні кеше Азия чемпионатының жеребесі тартылып, ел құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды.
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері референдумда өз таңдауын жасады
Қазақстан бокс федерациясы жеребеге сай боксшыларымыздың жарысқа шығу кестесін жариялады:
30 наурыз
51 келі. 1\8 финал. Жазира Орақбаева – Кум Бол Ан (КХДР)
54 келі. 1\8 финал. Элина Базарова – Прити Прити (Үндістан)
31 наурыз
60 келі. 1\8 финал. Римма Волосенко – Прия Прия (Үндістан)
1 сәуір
60 келі. 1\8 финал. Оразбек Асылқұлов – Пол Джулифер Баскон (Филиппин)
2 сәуір
65 келі. 1\8 финал. Ертуған Зейнулинов – Ю Лин (Тайпей)
3 сәуір
55 келі. 1\4 финал. Махмұд Сабырхан – қарсылас Иордания – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
70 келі. 1\4 финал. Төрехан Сабырхан vs қарсылас Корея – Тәжікстан жекпе-жегінде анықталады
4 сәуір
65 келі. 1\4 финал. Лаура Есенкелді – Анкушито Боро (Үндістан)
75 келі. 1\4 финал. Валентина Хальзова – Сеюн Сенг (Корея)
50 келі. 1\4 финал. Санжар Тәшкенбай – қарсылас Қырғызстан – Үндістан жекпе-жегінде анықталады
+90 келі. 1\4 финал. Айбек Оралбай – қарсылас Моңғолия – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
5 сәуір
48 келі. 1\4 финал Әйгерім Сәттібаева – Cабина Бобокулова (Өзбекстан)
57 келі. 1\4 финал Ұлжан Сәрсенбек – қарсылас Таиланд – Вьетнам жекпе-жегінде анықталады
75 келі. 1\4 финал. Сабыржан Аққалықов – Талга Яги (Жапония)
80 келі. 1\4 финал. Ерасыл Жақпеков – қарсылас Қырғызстан – Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
90 келі. 1\4 финал. Сағындық Тоғамбай – Ксужен Хан (Қытай)
6 сәуір
70 келі. 1\2 финал. Бақыт Сейдіш – қарсылас Корея – Қытай жекпе-жегінде анықталады
80 келі. 1\2 финал. Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан)
+80 келі. 1\2 финал. Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
7 сәуір
85 келі. 1\2 финал. Нұрбек Оралбай – қарсылас Моңғолия – Иордания жекпе-жегінде анықталады
Соңғы жаңалықтар
10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:03
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді
Оқиға • Бүгін, 09:58
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Президент Бауыржан Артықовты қызметінен босатты
Әскер • Бүгін, 09:35
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Найзағай, тұман және су тасқыны: Ертең елімізде қауіпті ауа райы күтіледі
Ауа райы • Кеше
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жасында өмірден өтті
Оқиға • Кеше
Астананың бірқатар көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады
Елорда • Кеше
Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді
Су тасқыны • Кеше
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Оқиға • Кеше
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис • Кеше